Тандырдың оты.
Тарихтың ашық есігі.

Мәзір

«Тандыр» мейрамханасының мәзірі тандырда – шығыстың саз-балшықтан жасалған пешінде, сондай-ақ ашық отта жасалған дәстүрлі тағамдарға негізделген. «Тандыр» - бұл XVIII ғасырдың бірегей рецепттері және классикалық шығыс ас үйі.

Салт-дәстүрлер

Сіздер «Тандыр» мұражай-мейрамханасында қазақ халқының дәстүрлі ырымдарын осыдан 150-200 жыл бұрын кез-келген қазақ ауылында жасалғандай етіп - толықтай дәлме-дәл тарихи ұсынып, жүргізе аласыздар.

Топтамалар

«Тандыр» - бұл тек қана мейрамхана емес, сонымен қатар керуен-сарай тақырыбындағы мұражай. Мұндағы XVIII-XIX ғасырлардың тұрмыстық антикварлық заттар топтамасы қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына шомуға мүмкіндік береді.