Тандырдың оты.
Тарихтың ашық есігі.

Салт-дәстүрлер

NEKE-KIYU

НЕКЕ ҚИЮ

Күйеу жігітпен қалыңдықты некелестіру үшін ақ отауға арнайы молда шақырылатын болған. Ол мүсылман дінінің заңдарына сүйеніп, шариғатқа сай екі жастың неке цию рәсімін өткізген. Неке қию рәсімін жасау үшін алдымен су қүйған ыдысқа қант пен түз салып езіліп еріп кеткенінше араластырған.

MUSHEL-KAYYRU

МҮШЕЛ ҚАЙЫРУ

Ескілікте қазақтар жыл қайыру мен жас санын мүшелдеп есептеген. Мүшел түрлі жануардың аты берілген 12 жылдан түрған. Олар: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, маймыл, тауық, ит және қабан. Мүшелдің тарихы тіпті тереңде жатыр.

SUNDET

СҮНДЕТ

Мұсылман дінінің заңцарына сәйкес ұл балаларды сүндетке отырғызу парыз саналған. Баланың 3, 5 немесе 7 жасында оны молда шақырып міндетті түрде сүндеттеген. Баланы неғүрлым ерте сүндетке отырғызса, солғүрлым ауырсынбай, тез жазылып кететін болған.

KUDALYK

ҚҮДАЛЫҚ

Қүдалардың келе жатқанын естіген қыздың әке-шешесі ауылдан оқшаулау бір жерге арнайы үй тігіп, ішіне кілем жайып, көрпе төсеп, көпшіктер қойып, қонақтарды сонда қабылдаған. Ертеңіне оларды айттырып келген қыздың үйінде күтіп алып, алдымен өзара қалыңмалдың, той шығынының және қалыңдықтың жасауының мөлшерін келісіп, екі жақ мәмілеге келген соң бәтуаласып бата жасаған.

ULISTIN-ULI-KUNI---NAURYZ

Наурыз мейрамы – жыл басы, әрі халықтың ең сүйікті мейрамы болған. Оның қоғам өміріндегі мэні кез келген астан, тойдан жоғары саналған. Наурызды тойлағанда бас асып, қазан-қазан көже пісіріп, ауылдан ауылға, үйден үйге жүріп, жүрт көңіл көтеріп, бір-бірін көргенде «Үлыстыц ұлы күні Наурыз қүт-береке әкелсін!» деп жақсы тілектер айтқан.

SUIYINSHI

СҮИІНШІ

Қалыңдық ұзатылғанда оны шешесі қасына ілесіп шығарып салатын болған. Қыздың жасауын артқан күйеу жігіттің керуені елге жақындаған кезде, серіктерінің бірі топтан бөлініп шығып: «Сүйінші! Сүііінші!» деп ауылға шапқан. Ол жас келінді түсіретін үйдің алдына шауып келіп, күйеу жігіттің әке-шешесінен қуаныштары үшін сыйлық алған.

TOIBASTAR

ТОЙБАСТАР

Беташардан соң ауыл жастары түнімен эн салып, күй тартып, эр түрлі ойындар ойнаған. Ертеңіне күйеу жігіттің ауылында үлкен үйлену тойы өткен. Бүл тойдың үзату тойынан айтарлықтай өзгешілігі болмаған.

SHILDEKHANA,-KALZHA

Аяғы ауырлаған әйел аман-есен босанған соң, үй иелері іиілдехана тойын өткізген. Бала тапкан эйелдің құрметіне арнайы қой сойылған. Оны қалжа деп атаған. Қазанға оның оң санын, бауырын, құйрығын, қабырғасы мен мойын омыртқасын салыпдайын болғанда жиылған көрші-қолаң, ағайын-туыс, аға-жеңге, келіншектер мен кыз-бозбалалардың алдына тартқан.

BAIGE

БӘЙГЕ

Қазақтар үшін бәйгеден артық, одан қызығы мол жарыс болмаған. Бәйгені адамдар бак-дәулетіне қарай шілдехана, түсаукесер, сүндет, тоқымқағар, ұрын бару, үйлену, ас беру секілді көптеген үлкенді-кішілі жиындарда өткізген. Жұрт берілген астың дәрежесін, жасалған тойдың қызығын сондағы шаптырылған бәйгесіне қарап анықтаған.

KILEM-BASTAU

Кілем току өнері бейнеті мол жұмысқа жатқан. «Кілем току инемен қүдық қазғандай» деген сөз – соның айғағы. Әдетте оны төрт қыз-келіншек бір ай тоқыған. Токуға кірісер күні үй иесінің әйелі кілем бастау жоралғысын жасап, ет асып, жеті шелпек пісіріп, жаратушыға, тоқымашылардың пірі Бибі Фатимаға жалбарынып сәттілік тілеп, дүға оқып, келгендерге мол дастарқан жайған.