ресторан ТандырЖолаушы, тоқта «Тандырға»,
Шомып көр ескі тағдырға.
Осыдан ғасырлар бұрын
Даланың батыр ұлдары –
Жолығып жолдан дәм татқан,
Қазақтың дәмін татып көр!
Осындай керуен-сарайға
Сол кезде кірген Абай да,
Домбыра үнін тыңдаған
Күйші-атам Құрманғазы.


«Тандыр» мұражай-мейрамханасына қош келдіңіздер!

Алматылықтардың және қала қонақтарының көбіне «Гәкку» қазақы ас үй мейрамханасы жақсы таныс. Біз 8 жыл көлемінде біздің қонақтарға халқымыздың көркемөнер заттары орналасқан жайлы жағдайда, қазақтың ұлттық тағамдарын татуға мүмкіндік беріп келеміз.

Біз бүгін Сіздердің назарларыңызға жаңа «Тандыр» мұражай-мейрамханасын ұсынамыз.

«Тандыр» қазақы ас үй мейрамханасы – бұл бүкіл Қазақстан және Орта Азиядан бөлшектеп жиналған керуен-сарай. Біз XVIII-XIX ғасырлардың жабдықтарын жаңартуға тырыстық. Қонақтар антикварлық заттар: кілемдер мен шекімелер, ертоқым мен кұралдар, қол өнер туындыларының ортасында жайғасады. Сіздер қазақтың киіз үйінің жайлылығы мен қалпын сезінесіздер және шығыстың қонақжайлылығын бағалайсыздар.

«Тандыр» қазақы ас үй мейрамханасы Алма-Арасан шатқалында, дәл Алатаудың бөктерінде орналасқан. Тау көріністерін тамашалайтын терассалар, жеміс бағында тігілген аппақ қардай шатырлар, жұмсақ жастықтарымен арбайтын тапшандар мен бірнеше киіз үй сіздің қала шуынан демалуыңызға, таза ауамен тыныстауыңызға, сондай-ақ дәмді тағам татуыңызға мүмкіндік береді. Ең заманауи караокемен жабдықталған банкет залында кез-келген мерекені өткізуге болады. Ортақ залда жұмсақ әрі биік арқауларға сүйеніп, басқа қонақтардың бар екенін тіпті байқамайсыз. Сонымен қатар, заманауи кештердің айрылмас бөлшегіне айналған КАЛЬЯН да осында! Мейрамхананың барлық залдарында спутниктік телевизияның үлкен плазмалық панельдері орнатылған, олар Рио-де-Жанейродағы жазғы олимпиада мен EURO 2016 көрсетілімдері кезінде жанкүйерлерді қуантпақ. Кішкентай қонақтарға сырғанақтары мен әткеншектері, көптеген үстел ойындары және ойышықтары бар арнайы балалар ойын алаңы жасалған, ол Сіздің балаларыңыздың назарын аударып, Сізге асықпай тамақтанып, демалуға мүмкіндік бермек.

samsa
«Тандыр» – бұл ашық отта дайындалған тағамдарға ерекше екпін қойған қазақы ас үй мейрамханасы. Дәстүрлі самса мен тандыр наннан басқа бұл ерекше пеш балық пен құстан, еттен түрлі тамақ жасауға мүмкіншілік береді. Бейнелі, сексеуіл мен арша «отының дәмі» бар, тандырда піскен тағам дәмі кез-келген тамақ талғағышты немқұрайды қалдырмайды. Біз мейрамханамызда қазақ халқының үздік дістүрлерін сақтаймыз. «Тандыр» – бұл отбасылық мерекелерді жүргізетін, мерейтой мен үйлену тойларын тойлайтын, ұзату мен сүндет той сияқты салт-дәстүлерді және басқа да мерекелерді қазақтың салт-дәстүріне сай етіп өткізетін ең қолайлы орын.

«Тандырға» қош келдіңіздер!