Алматының қай жерінде шынайы әсемдікпен және үлкен пәрменмен үйлену тойын тойлатуға болады? Әлбетте, кез-келген мейрамхана мұндай мерекеге тұрарлықтай бағдарлама ұсынады. Бірақ «Тандырда» артығырақ десем қателеспеймін. Мұнда, мысалға, үйлену тойын классикалық қазақы дәстүрмен жүргізуге барлық жағдай қарастырылған. Ал біздің мамандар – кәсіби ұйымдастырушылар, асабалар – үйлену тойын жас жұбайлар мен қонақтардың есінде мәңгі қалардықтай етіп өткізуге көмектеседі.

Алайда, «Тандырдың» басты артықшылығы – бұл оның бірегей ас үйі. Бұл жерде шығыс пешінде ашық отта бірегей тарихи рецепттер бойынша дайындалатын түрлі тағамдардан дәм татуға болады. Тандырда арнайы рецепт бойынша піскен қой жауырынын, қозы жамбасын, қой санын, форель, лосось және басқа да көптеген сирек тағамдар кез-келген тағам талғағышты бей-жай қалдырмайды – олар Сіздің қонақтарыңызға ерекше әсер сыйлайды. Көбісі ұмыт болған номад-көшпенділердің классикалық ас үй тағамдары ашық отта дайындалғандықтан ерекше хош иісті және дәмді. Бұл тағамдар Ұлы Дала атмосферасын, біздің жеріміздің ежелгі рухын сезіндіреді. Олардың ерекше дәмі суреттеуге келмейді, оның дәмін тату керек. Және де бұл үйлену тойын тойлату үшін «Тандырды» таңдаудың нақты дәлелі. Лайықты үйлену той – бұл біріншіден лайықты дастархан. «Тандырда» Сіздің қонақтарыңыз классикалық шығыс және еуропа ас үйінің тағамдарымен қатар, бірегей ерекше, басқа еш жерден таппайтын тағамдардың дәмін тата алады.

Ең жарқын, ерекше және дәмді үйлену тойына «Тандырға» қош келдіңіздер!