Қазақы «Тандыр» музей-мейрамханасы – ескі ұлттық салт-дәстүрлер мен рәсімдерге сәйкес той мен отбасылық мерекелерді өткізуге орналған бірегей орын. Мысалы, тұсау кесу тойы, беташар, сүндет той және көптеген басқа да рәсімдер, олар сіздің қонақтарыңызға ұмытылмас әсер етіп, есінде қалады.

Неге рәсімді мерекелерді міндетті түрде «Тандырда» өткізген жөн? Жауабы қарапайым:

тарихи керуен-сарай стиліндегі ұлттық музей-мейрамхана кез-келген қазақи ғұрыпты өткізуге барынша ұқсас атмосфера туғызуға мүмкіндік береді. Оған «Тандырдың» ішкі көрінісінің өзі-ақ жетерлік. Біздің керуен-сарай интерьеры қазақи тұрмыстың көптеген ескі заттарын жинақтаған: киімдер мен ат әбзелдері, ыдыстар мен әшекейлер, киіз үй жиhазы мен кілемдер және т.б.

Ал ең маңыздысы – әрине «Тандырдың» бірегей ас үйі, ол сіздің рәсімдік мерекеніздің қонақтарына ең дәмді тағамдардың – кез-келген қазақ ауылында 100-200 жыл бұрын дәл осындай мерекелерде дастарханға қойылған астың дәмін татуға мүмкіндік береді. Тандырда піскен қойдың саны немесе қозының жамбасы, бахтах (форель) немесе балапан, дәл осындай тандырда дайындалған тағамды біздің аталарымыз да салт-дәстүрлік мерекенің бірінде той иесінің киіз үйінде жесе керек.

«Тандыр» музей-мейрамханасы – қазақылықтың нағыз атмосферасын тудыратын орын, мұнда мереке өткізіп, аталарымыз жасағандай етіп ескі салтты атап өтуіміге болады. Салтанатты тойға арналған ең жақсы мейрамхана. «Тандырды» таңдау Сіздің отбасыңыздың дұрыс шешімі болмақ.

Қазақтың ескі салт-дістүрлері мен әдет-ғұрыптары жайлы толығырақ мына жерден біле аласыздар.

Біз «Тандыр» мейрамханасында келесі салт-дәстүрлерді өткізуді ұсынамыз:

 

ТҰСАУ КЕСУ – жаңадан жүре бастаған балдырғанның аяғындағы ала жіпті кесу рәсімі.

ҚҰЛАҚ ТЕСУ – қыздың немесе бойжеткен арудың сырға тағу үшін құлағын тесу ғұрпы.

ҚАЛЫҢДЫҚ ҰЗАТУ – бойжеткен аруды тұрмысқа беру салты.

ШІЛДЕХАНА, ҚАЛЖА – сәби туылғанын тойлату салты. Қалжа – босанған әйелге арналып сойылатын қойдың еті.

БЕТАШАР – үйлену той алдында жігіттің үйінде ән айтып қалыңдықтың бетін ашу салты.

СҮЙІНШІ – жақсы хабарға арналған сыйлық беру салты.

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ KYHI – НАУРЫЗ —Наурыз тойын тойлау салты.

ҚҰДАЛЫҚ  – үйлену той алдындағы негізгі салттардың бірі, қалыңдыққа құда түсіп бару.

СҮНДЕТ ТОЙ — ұл баланы сүндетке отырғызу салты.

МҮШЕЛ ҚАЙЫРУ – 12 жылдық қайталама негізінде мүшелмен жыл есебін жүргізу.

 

Бізге дәл қазір хат жолдаңыз. Бірге ақылдасайық!