«Тандыр» мейрамханасы – Сіз балаңыздың туылған күнін, оқу жылының аяқталуын немесе басқа мерекені атап өтетін мінсіз орын. Бұл жерде балалар мерекесін барынша дүбірлетіп атап өтуге барлық жағдай жасалған. Ол жарқын, көңілді және өте дәмді кеш болады. «Тандырда» баланың туылған күнін тағамдар мен ойындар жас қонақтардың есінде қаларлықтай етіп атап өтуге болады.

«Тандыр» – эргономика, қауіпсіздік және дизайнның заманауи стандарттары бойынша дайындалған және жабдықталған балалар алаңы бар мейрамхана. Мұндағы жайлылық жағдайында Сіздің балаңыз және оның қонақтары кәсіби аниматорлар мен балалар ойын-сауығының мамандары ұйымдастырған нағыз ертегі әлеміне саяхат кешеді. Жазда балалар таза ауада тамаша уақыт өткізе алады. Балалар алаңы бар біздің мейрамхана оларға табиғат аясында көптеген ойындар ұсынады, тәтті тағаммен кезектесіп отыратын ойындар, әрине қайталанбас әсер қалдырады.

Сіз балалар мерекесін осында нағыз қазақы керуен-сарай атмосферасында өткізе аласыз, өйткені «Тандыр» – бұл тарихи заттар топтамасына бай музей-мейрамхана. Қайталанбас және толқытып толғандыратын көне заман мекені мерекелік кешке ерекше көрік береді. Мерекелік кеш біріншіден – жарқын тәрбиелік мәні бар – халық тарихына қатысы бар екенін сездіретін сәт болып, екіншіден қызықты танымдық мереке болмақ. Балалар тарихқа үңілумен қатар ерекше көңілді сауықтық бағдарлама куәгерлері болады. Оларға бұдан артық не керек?

«Тандыр» өзінің кішкентай қонақтарына есігін айқара ашып, ең жарқын, көңілді және ұмытылмас әсер қалдыруға уәде береді!