Қай жерде шынымен дүбірлетіп туған күн, мерейтой өткізуге болады? Алматыда мерекені кез-келген талғамға және салт-дәстүрге сай музыкамен қамтамасыз ететін, сан түрлі ас үй ұсынатын мейрамханалар жетерлік. Бірақ әрқашан қонақтарымызға өзгеше бір нәрсе ұсынғымыз келіп тұрады. Ерекше, өмір бойы есте қаларлық, жадыда әсерлі әрі жарық із қалдыратын бірдеңе. Аматының картасынан Іле Алатауынын баурайында, бақ ішінде орналасқан, керуен-сарай ерекшеліктері қайта жаңғырған классикалық қазақи мейрамхана тауып көріңіз! Туған күнді Сіздің қонақтарыңыз бен туыстарыңыз ұзақ есте сақтарлықтай етіп өткізіп көріңіз!

«Тандыр» – ашық отта дайыналатын асқа ден қойған бірегей ас үйі бар жай ғана мейрамхана емес. «Тандыр» – музей-мейрамхана, мұнда бірегей тұрмыстық заттары бар қазақы керуен-сарайдың тек ішкі көрінісі ғана емес, сондай-ақ бұрын ата-бабаларымыз өткізген мерекелердің негізгі атмосферасы қайта жаңғырған. Мұнда атақты хан әулеттерінің отбасыларында жасалғандай етіп, мерей той иесін оның ортадағы орны мен жасына сай етіп жора-жоралғыларды өткізуге болады. Және де қызықты кеш – жастардың туған күнін – қазақи тұрмыс атмосферасы жас қонақтардың саналарында ошпес орын аларлықтай етіп тойлатуға да болады. Көптеген ұмыт болған тағамдарға негізделген қайталанбас шығыс ас үйі, сонымен қатар біз «Тандырда» қайта жаңғыртқан тарихи қазақ ауылының көрінісі Сіздің мерекеңізді туыстарыңыз бен жақындарыңыздың жадында ұмытылмас жарқын оқиғаға айналдыруға көмектеседі.