«Тандырдың» ішкі көрінісі

GM1A2121i

«Тандыр» керуен-сарайының жабдықтары көбіне қазақ даласының ғасырлық пәлсапасының айнасы іспетті киіз үйдің ішкі көрінісін қайталайды. Онымен қазақтардың бүкіл өмірі байланысты болған, сондықтан ол күнделікті тұрмыста ерекше орын алған. Мұнда орналасқан тұрмыстық заттар да – ат әбзелдері, киіз кілемдер – текеметтер мен түскиіздер, сандықтар, ағаш және темірден жасалған ыдыс, ағаштан жасалған басқа да заттар – осының бәрі бейнелеудің күрделі жүйесіне сәйкес безендірілген. Бас киімдер, киімдер, сөмкелер мен жабулар күрделі әрі әсем тігіспен көмкерілген. Шеберлер ағаштан қымызға арналған кеселер мен ожаулар дайындап, сыртын әсем ою ойып өрнектеген. Төсектер мен сандықтар арқар мен тау текенің мүйізімен жиі сәнделген. Теріден қамшы, белдіктер, әбзелдер мен су мен қымызға арналған торсықтар және қоржындар дайындалған. Осы аталғандардың бәрі «Тандырдың» ішкі көрінісінде орын алған, бұл ғасырлар бойы қазақ даласында болған керуен-сарайдың қайта жаңғыруы.

Галереяға өту


Ұлттық әшекейлердің жиынтығы

Зергерлік қолөнер қазақтың ұлттық дәстүрінде ерекше орын алады. Ол халық мұратын, эстетикалық талғамын, көркем құндылығының әртүрлілігін және ауқымдылығын толық және айқын суреттеген. Қазақ зергерлері тек жалғыз жұмыс жасаған, ал шеберліктерін ұрпақтарына қалдырып отырған. Сондықтан олардың өнері әрқашан ерекше жоғары бағаланған: ол ұйғарым бойынша қолөнершілер тобына қол жетімді болмаған. Зергерлер әшекей түрлерін кең ауқымда дайындаған: мұнда әйелдердің әшекейлері, киім сәндейтін бөлшектер, ас үй құралдары, сондай ақ, киіз үйді, жиhазды, ыдыстарды, музыкалық аспаптарды, қаруды немесе ат әбзелдерін сәндеуге арналған түйіншектер де бар.

 

Зергерлік бұйымдар көшпенділер үшін тек сәндік бұйым болмаған. Сонымен қатар олар сиқырлы-қорғау қасиетіне де ие болған. Осылайша, күмістің түсі мен оның жарқырағаны ай түсімен, Аймен байланыстырған. Асыл және жасанды тастар терең мағыналы: олар керемет қуатты күшке ие болған. Ең танымалы – ақық(асыл тас), аманшылық және бақыт тасы болып есептелген.

 

Топтамаға өту


 

Кілемдер топтамасы

Қазақ кілемдерінің бірнеше түрлері бар. Олардың айырмашылығы белгілі тігу тәсілдерінде, және де оюы мен түс ерекшеліктерінде. Осылайша, дәстүрлі түрде киізден қазақ даласында кілемдер жасалған, олар текемет, сырмақ, түскиіз деп аталады.

Текеметті дайындау тәсілі өте қиын. Ақ киіз дайындалады, оған түрлі-түсті бояумен алдын ала боялып, қиылған дымқыл киізді оюлар орналастырылады. Бұл екі қабат дайындаманы орайды, содан соң ұзақ және екпінді түрде шынтақпен басады. Одан кейін текеметті ұзарту мен буландыруға көшеді, кейін қайта қайталанады. Жүйелі түрде буландырып басқаннан оюлар бастапқы ақ киізге еніп, сіңіп кетеді.

 

Топтамаға өту


Тұрмыстық заттар топтамасы

GM1A2446b

Көшпенділер өздерін ешқашан табиғаттан тыс ұстамаған, ол тұрмыстық заттарда өз бейнелеуін тапқан. Қазақтардың киіз үйінің маңызды ерекшелігі – мұндағы барлық заттар көз жетімді жерде орналасқан. Оған қоса, әр зат өзінің пайдалық қасиетінен басқа, үйдің жабдық қызметін атқарған. Мәне сондықтан заттар ұлттық оюлармен безендірілген. Қазақи оюлардың үш негізгі түрі бар – зооморфтық (жануарлар), өсімдік және геометриялық. Сондай-ақ, белсенді түрде  тұрмыстық заттардың стильді бейнесі, аспан денелерінің суреттері және  қоршаған орта құбылыстарының суреттері қолданылған. Осының бәрі біздің «Тандыр» керуен-сарайының жабдық заттарында орын алған.

Ат әбзелдеріне ерекше көңіл бөлген дұрыс. Қазақтар: «Өміріңнің сәні – атыңның көркем ертұрманы мен өзіңнің әдемі киімің» – дейтін. Ат әшекейлері ерекше заттар қатарына жатқан, олардың құны зергерлік бұйымдар мен қымбат киімдер сияқты, өте бағалы болған.

Топтамаға өту